1924 жылы 24 мамырда Қостанай облысы Аманкелді ауданы Ағаштыкөл елді-мекенінде дүниеге келген. 1942 жылдың 4 ақпанында Қызыл Армия қатарына шақырылып, Свердловск облысының Ірбіт қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 27-атқыштар дивизиясының 74-полкінің қарамағына жіберіліп, Калуга қаласы мен басқа елді-мекендерді жаудан босатады. 1943 жылы жазғы шабуыл басталады да бұл жолы Брянск, Орджоникидзе, Орел қалаларын жаудан азат етуге қатысып, Белоруссия жерінде де болып, Гомель қаласы мен ондаған елді-мекендерді босатуға қатысады. Польшаның Гнезно, Курно, Познань қорғанын жаудан жаудан босатудағы қырғын ұрыста жараланып, Саратов қаласындағы госпитальға жіберіледі. Емделіп шыққаннан кейін 47 армияның 334 гвардиялық атқыштар полкіне жіберіліп, соғысты Берлин қаласына жақындағанда аяқтаған. Содан 1946 жылы армия қатарынан босап, елге келіп аудандағы мал бордақылау ұжымында мал дәрігері, мал қабылдаушы болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығады. Соғыста ІІ дәрежелі «Отан» соғысымен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін, «Берлинді алғаны үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.
https://amangeldymuseum.kz/kz/ly-otan-so-ysyny-majdangerleri/157-yldybaev-imat.html#sigFreeId295a7897e5