1912 жылы Қостанай облысы Аманкелді ауданы Байғабыл ауылында дүниеге келген. Сондағы бастауыш мектепті бітіріп, Қаратартпа серіктестігінде, кейін Калинин атындағы колхозда есепші болып жұмыс істеген. 1942 жылы әскерге алынып, алғашында 371 атқыштар полкінде, кейін 224-минометшілер полкінің құрамында Сталинград майданында соғысады. Алғашқы ұрыста көзге түсіп, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін алады. Кейін бас қолбасшы И.Сталиннің атынан 6 рет алғыс хат, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Берлинді алғаны үшін» т.б. медальдармен марапатталған. 1945 жылы елге оралып, аудан шаруашылықтарында зейнеткерлікке шыққанша мал фермасының мегерушісі, зоотехник, бухалтер-есепші, 1972 жылы «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызметтер атқарған. 1995 жылы қайтыс болды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/ly-otan-so-ysyny-majdangerleri/152-n-rmanov-bdikhamit.html#sigFreeId85b71e340e