1922 жылы Аманкелді ауданы Ақайдар елді-мекенінде дүниеге келген. 1941 жылы қараша айында майданға аттанады. Москва түбіндегі 316-атқыштар, кейін 8-гвардия, генерал Панфилов атындағы дивизия құрамында, 1075 полкінің І батареясының наводчигі болып соғысқа қатысады. 1942 жылы 20 сәуірде Холма қаласын алудағы түнгі шайқаста ауыр жараланып, Саратов қаласындағы госпитальда емделеді. Кейін 40-артиллериялық дивизонда наводчик болып 1943 жылдың тамыз айына дейін болады. Екінші рет соғысқа Харьков түбіне кіріп, қаланы алуға қатысады. Украина, Чехославакия, Молдавия, Румыния, Венгрия қалаларында соғысқа қатысады. 1945 жылы қараша айында Алматыға келіп оқуын жалғастырған. 1947 жылы заң мектебін бітіріп, Қостанай облысы Қарабалық ауданында 2 жыл ішкі істер бөліміне тергеуші болып орналасқан.1949-1953 жылдар аралығында Абай атындағы педагогикалық институтта оқып, «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын алған. 1953 жылы Қарағанды облысы Қорғасын орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс берді де, келесі жылы Амангелді аудандық оқу бөліміне инспекторлық қызметке шақырылды. 1955 жылы аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1958 жылы Амангелді аудандық партия комитеті саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі болып бекітілді. 1960-1968 жылдары Қайыңды, Сарыторғай, Байғабыл орта мектептерінің директоры болған. 1995 жылы Мәскеуде өткен панфиловшы-жауынгерлердің 50 жылдық мерейтойына арнайы шақырылған. «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. 2001 жылы қайтыс болған.
https://amangeldymuseum.kz/kz/ly-otan-so-ysyny-majdangerleri/151-n-rbaev-makhm-t.html#sigFreeId9e457c0c96