1921 жылы Қостанай облысы Аманкелді ауданы Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты 8 март колхозында дүниеге келген. Соғысқа дейін жетім балалар үйінде тәрбиеленген. Қарасу ауылдық кеңесінде хатшы болып қызмет атқарған. Кейін аудандық тұтынушылар одағында товаровед болған. 1942 жылы мамыр айында әскер қатарына шақырылып, 352-атқыштар дивизиясының құрамында, 76-гаубицалық атқыштар полкінде соғысады. Осы полктің құрамында Сталинград үшін шайқасқа, Украинаны, Курск, Орел, Киев қалаларын жау әскерінен босатуға қатысады. Харьков түбіндегі соғыста өз гаубицасымен жаудың 5 танкасын жандырып, ерлік жасады. Осы ұрыста «Ерлігі үшін» медалін алды. Курск доғасындағы ұрыста жау әскеріне оқ жаудырып шығынға ұшыратқаны үшін екінші рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Әскер қатарынан 1946 жылы елге аман-есен оралды. «ІІ дәрежелі Отан соғысы», «Даңқ» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған. Елге келгеннен кейін сауда саласында қызмет істеп, Жітіғара ауданы тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары, Аманкелді ауданы тұтынушылар одағының орынбасары, совхозда жұмысшылар кооперациясының төрағасы болған. Көп жылғы еңбегі бағаланып, Қазақ КСР Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1998 жылы қайтыс болды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/ly-otan-so-ysyny-majdangerleri/150-sajynov-arala.html#sigFreeIddb2a57b5fb