1925 жылы Қостанай облысы,Амангелді ауданының №8 ауылында дүниеге келген. Амангелді орта мектебінен оқып білім алған.1943 жылдың маусым айында соғысқа аттанады.Украина майданында 333-ші Қызыл тулы Синельников атындағы атқыштар дивизиясының құрамында 76мм зеңбірек дивизиясының зеңбірек көздеушісі болады.Киев қаласы үшін болған кескілескен ұрыста алғашқы рет жараланып,Стерлитамак қаласындағы госпитальда емделіп,14-ші артиллерия полкінде резервте болады.1944 жылдың мамыр айында 15-ші Ленинград Қызыл тулы Суворов орденді Бас ставканың 35-ші артиллерия бригадасының 667-ші полкінің қарауына жіберіледі.Соғыста Эстонияның Тарту қаласын, Германияның Кенингсберг, Гданск портын, Дрезденді жаудан азат ету ұрыстарына қатынасады.Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін «Ерлігі үшін», «Кенингсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» тағы басқа бірнеше медальдармен марапатталған.1950 жылға дейін Эстония,Карелия жерінде елді қалпына келтіру жұмыстарына қатынасады.1950-1952 жылдары КазПИ-де оқып,өзінің туған жері Амангелді ауданында өмірлік жолдасы Клара Құдайбергенова екеуі жас ұрпаққа білім берді.1954 жылы аудандық партия комитетінің саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, Крупская атындағы совхоздың партия ұйымының хатшысы, аудан мекемелерінде партия ұйымының хатшысы болып көп жылдар басты қызмет атқарды. 1994 жылы 28 қазанда дүниеден озды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/ly-otan-so-ysyny-majdangerleri/148-b-jishev-alymzhan.html#sigFreeId87d3a4f893