Балов Өмірбек

 

1921 жылы 5 қаңтарда Қостанай облысы Аманкелді ауданы 1 Май ауылдық кеңесіне қарасты №2 ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Сталинградты қорғаудағы 124 ерекше атқыштар бригадасы құрамында болып, жау солдаттарының жолын ерлікпен бөгеп, қорғаныс шептерін мықты ұстап тұрды. Кезекті бір шабуылда оң қолынан жараланып, 1943 жылы 1 мамырда госпитальда жатып емделіп, бір қолды беріп елге оралды. Елге келген соң Қостанай қаласынан  бухгалтерлік оқуды бітіріп, 1960 жылы совхоз құрылғанша колхозда учетчик-кассир болып, 1960-1963 жылдар аралығында совхозда есеп қызметінде, Аманкелді селолық кеңесінде өз мамандығы бойынша жұмыс атқарып зейнеткерлікке шығады. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. 1995 жылы қайтыс болды.