Экспедициялар

13.06.-03.07.2016 ж. аралығында Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай мұражай қызметкерлері ҮЕҰ –мен бірлесіп экспедициялық тур бойынша Үрпек –Қараторғай –Торғай  бағыттары бойынша жоспар жасады. 

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі бар. Батыр атамыздың атын иеленгеніне биыл 30 жыл толатын колледж осы айтулы оқиға қарсаңында Аманкелді ауданына арнайы сапар ұйымдастырды.

2019 жылдың 19 ақпаны күні сағат 11 жарымда жерлесіміз, есімі жаһанға танымал жиһангез Сапар Ысқақұлы бастаған халқымыздың бір топ белгілі азаматтары А. Иманов мемориалдық музейіне келіп, өткен жылы Жаңадала ауылындағы Саба өзенінің маңынан табылған сақ, савромат дәуірлерінің бір топ жәдігерлерін салтанатты түрде тапсырды.