А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы

Қазақ ССР Министрлер Советінің № 1258-р Өкімімен 1969 жылы 9 желтоқсан күні ашылды. 1969 жылы  ауданымызда тұңғыш құрылған музейдің алғашқы директоры болып Құсайынов Тәшім тағайындалды.  Музей профилі бойынша мемориалдық болып саналады. Музей экспозициясы  1916-1917 ж.ж. болған ұлт-азаттық көтерілістің Сардары А.Иманов пен ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан батырдың үзеңгілес серіктері туралы, Торғай халқының ерлікке толы жорық жолдарын және бүгінгі батыр атындағы аудан тарихын баяндайды. 1916 жылғы Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі – А.Имановтың тұтынған бұйымдарымен,  ол туралы құжаттарды насихаттайтын ғылыми-ағарту мекемесі. Сондай-ақ музейде ауданның экономикалық, мәдени даму жолын көрсететін, аудан топырағынан шыққан еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмірі және еңбектерімен таныстыратын Музейдің жалпы аумағы – 297,4 шаршы метрді құрайды  400 шаршы метр 4 экспозиция залы бар олар: Азаттық үшін алысқандар, Ұстахана макеті, Этнографиялық бөлімі, аудан тарихы. Ғимарат 2 қабаттан, 1 көпшілік іс-шаралар өткізілетін залдан және 4 экспозиция залы, 4 жұмыс кабинетінен және қор сақтау қоймасынан тұрады.

Музей жас ұрпақтың бойында ғылым мен білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір ғылыми мекеме. Музей ұжымының мақсаты өз өлкеміздегі игілікті істер және жалпы адамзаттық мәдени мұраның сабақтастығын сақтай отырып, аудан тарихына байланысты құжаттар мен заттай деректерді аудан музейіне жинақтау арқылы халыққа насихаттау болып табылады.