2026 жылғы 30 қыркүйекте «Лисаков Жоғары Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейі» КММ «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-мен бірлесе отырып, «Музей цифрлық трансформация жағдайында» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.Аталған іс-шараға музей қызметкерлері К.Ж. Абжанова, Д.Н. Сейдеғалиева қатысты.Семинар барысында қор сақтаушы Д.Н. Сейдеғалиева музей қорларын есепке алу, сақтау және цифрландыру мәселелеріне қатысты баяндама жасап, музей қорымен жұмыс жүргізу тәжірибесімен бөлісті.