Бұл күн халқымыздың рухани қазынасы саналатын ана тілімізді дәріптеп, еліміздегі барлық тілдерге құрмет көрсетуге үндейтін маңызды мереке болып табылады. Сонымен қатар, 5 қыркүйек – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, алаш қайраткері, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ғалымның «Тіл-құрал» атты ірі теориялық еңбегі қазақ тілін ғылыми тұрғыдан жүйелеуде айрықша орын алады.
Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін де аса құнды рухани мұра және ұлттық тарих пен мәдениетті сақтаудың маңызды бөлігі.
Осы орайда Амангелді Имановтың мемориалдық музейі де халқымыздың тарихи мұрасын, ұлттық құндылықтары мен рухани байлығын насихаттау бағытында өз үлесін қосып, ұрпақтан-ұрпаққа музей жәдігерлерін насихаттап келеді.










