Кейкі Көкембайұлының туғанына 155 жыл. «Тұлға тағдыры – ұлт тағдыры» атты музей сағаты өткізілді.
 
Кейкі Көкембайұлының туғанына 155 жыл толуына орай Амангелді Имановтың мемориалдық музейінде «Тұлға тағдыры – ұлт тағдыры» атты музей сағаты өткізілді.Музей сағатына Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шара барысында қазақ халқының азаттығы жолында күрескен, ел тарихында өшпес із қалдырған Кейкі батырдың өмірі мен ерлік жолы кеңінен таныстырылды. Оқушыларға батырдың 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістегі тарихи орны, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі және ерлік өнегесі туралы тағылымды мәліметтер берілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Кейкі батырдың ерлігін насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.