Қазақ халқы ежелден азаттық пен теңдікті ту етіп, елінің тәуелсіздігі жолында күрескені бүгінгі ұрпаққа аян. Ата-бабаларымыздың ерлігі мен Отанға деген сүйіспеншілігі арқасында ұлан-ғайыр жеріміз бізге аманат болып жетті. Бүгінде біз Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары ретінде сол аманатқа адал болып, еліміздің, жеріміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Сондықтан халқымыздың азаттық жолындағы күреске толы тарихын ұмытпау – әрбір азаматтың парызы.
Қазақстанның қай өңіріне көз салсақ та, ел тәуелсіздігі жолындағы тарихи оқиғалардың ізі сайрап жатыр. Солардың бірі – Торғай өңірінде 1916–1917 жылдары болған ұлт-азаттық көтеріліс. Биыл көтеріліске 110 жыл толып отыр. Осы мерейтой аясында жыл басынан бері түрлі тарихи-танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Сол іс-шаралардың бірі – 2026 жылдың 12–13 шілде күндері Ұлытау облысынан Амангелді ауданына келген «Азаттық жолы» тарихи-танымдық экспедициясы. Экспедицияны «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Төлеш Қанат Жанділдаұлы бастап келді.
Экспедиция құрамында:
- Әуезов Ғабдол Жанділдаұлы – экспедиция үйлестірушісі, «ХХ ғ. 30–50 ж.ж. дәстүрлі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-құқықтық өзгеру жүйесі» мемлекеттік ғылыми жобасының ғылыми қызметкері;
- Қазанбаева Зейпін Зәкірқызы – «М. Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі» музейінің ғылыми қызметкері;
- Бермағамбетов Арман Жылқыайдарұлы – «Қ. И. Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейі» КМҚК директоры;
- Бирмұханова Алтынай Өмірбекқызы – «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ тарихи-мәдени мұраны зерттеу және қалпына келтіру бөлімінің басшысы;
- Шубаев Ерболат Берікұлы – С. Сейфуллин атындағы Жаңарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы;
- Әбеуов Қайрат Бөлекбайұлы – «Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» КМҚК дәстүрлі әншісі болды.
Экспедицияның алғашқы күнінен-ақ музей қызметкері Жалғас Торғайбекұлы мен «Taj Torgay» көпсалалы туристік кешенінің қызметкері Қайрат Жылқыбайұлы Тасты ауылы маңындағы Кейкі батыр кесенесінде экспедиция мүшелерін күтіп алып, Кейкі батырдың өмірі мен ерлік жолы, сондай-ақ кесененің салыну тарихымен таныстырды.
Келесі күн Амангелді батыр жерленген орынға орнатылған ескерткішке гүл шоғын қоюдан және Құран бағыштаудан басталды. Одан әрі экспедиция мүшелері Сатыбалды ишан кесенесіне, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің штаб-пәтеріне және Доғал–Үрпек шайқасы өткен тарихи орындарға барды. Музей қызметкері көтерілісшілердің штаб-пәтері, ұстахана орны және Доғал–Үрпек шайқасы өткен жерлер бойынша экскурсия жүргізіп, олардың тарихы мен маңызы туралы жан-жақты мәлімет берді.
Экспедиция қорытындысы ретінде 1916–1917 жылдардағы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің 110 жылдығына арналған «Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліске – 110 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған Амангелді ауданы әкімінің орынбасары С. Төленов, аудандық мәслихат хатшысы Н. Әлмағамбетов, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар және музей қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында көтерілістің тарихи маңызы, батырлардың ерлігі, тарихи-мәдени мұраны сақтау және жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар «Тоқсан жылдың торабы» деректі фильмінен үзінді көрсетіліп, қатысушылар тарихи оқиғалар жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.
Осындай тағылымды кездесулер ұлттық тарихымызды дәріптеуге, азаттық жолында жанын қиған бабаларымыздың ерлігін ұлықтауға және тарихи мұраны келер ұрпаққа аманат етуге зор үлес қосады.
Амангелді Имановтың мемориалдық музейінің әдіскері Ж. Т. Досбергенов