17 маусым күні «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Амангелді аудандық орталық кітапханасында Амангелді Имановтың мемориалдық музейінің заңгер маманы Бекет Қалдыгүл «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында мәдениет саласы қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы буклеттер таратты. Іс-шара барысында экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері түсіндіріліп, олардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.









