4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде Амангелді ауданындағы пробациялық бақылаудағы азаматтарға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға қатысушыларға «Рәміздер ел айбыны» тақырыбындағы танымдық іс-шара өткізілді.Іс-шара қатысушыларына Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы, авторлары мен маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты белгілері екендігі түсіндіріліп, олардың қоғам өміріндегі орны кеңінен насихатталды.Танымдық іс-шараның мақсаты: мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу және тарихи сананы қалыптастыру болды.