1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық музейде оқушыларға арналған «Бала және тарих әлемі» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени мұраларды таныстыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Танымдық сайысқа «Тұлпар» және «Қыран» топтары қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Қатысушылар тарихи сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің зеректігі мен белсенділіктерін көрсетті.
Сайыс барысында оқушылар тарих әлеміне қызықты саяхат жасап, өз білімдерін толықтырып қана қоймай, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін танытты.
Барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, оқуда табыс, зор денсаулық және жарқын болашақ тілейміз!









