Музейімізге елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, журналистер, ұстаздар мен ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері арнайы қонақ болып келді. Қонақтар музей экспозицияларымен танысып, тарихи жәдігерлерге ерекше қызығушылық танытты.
Сонымен қатар қоғам қайраткері, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісованың 70 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалады. Көрмеде мерейтой иесінің өмір жолы, шығармашылық еңбектері мен қоғамдық қызметіне арналған құнды материалдар ұсынылды.
Музей қонақтары:
1.Шанай Нәзипа Ыбырысқызы – ҚХА Аналар кеңесі төрағасы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, топ жетекшісі;
2.Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы – ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты;
3.Досжан Қымбат Әбсадыққызы – тележүргізуші, журналист;
4.Ахатай Баян Орынбасарқызы – ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ағарту және бала құқығы кеңесінің төралқа мүшесі, ҚР ІІМ Есірткі профилактикасы кеңесінің мүшесі;
5.Ақтаева Ботагөз Сейтханқызы – ҚХА Аналар кеңесі төрағасының Ақмола облысы бойынша орынбасары, ҚР ҰКП «Атамекен» жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі;
6.Ерсейітова Хадиша Әбдіразаққызы – заңгер, «Ана мектебі» ҚҚ менеджері, сапарды ұйымдастырушы;
7.Қажығалиева Жанат Башариновна – ардақты ұстаз.