18 мамыр – Халықаралық музейлер күні «Музей түні – 2026» көпшілік іс-шарасы ұйымдастырылды. Бағдарламаға сәйкес салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, аудан әкімінің орынбасары С. Төленов музей қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Руханият» үйірмесінің оқушысы Ерсайын Әлихан ақынның «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ал Әлібек Қарлығаш «Ақерке» халық әнін орындап, Тосынбай Айсара келушілер назарына қазақ биін билеп, Серіков Мерей «Амангелді дүбірі» күйін орындап, кештің мазмұнын арттыра түсті.
Іс- шара барысында музей келушілеріне викториналық сұрақтар қойылып, ересек адамдар мен мектеп оқушылары арасында қызықты квест ойыны өткізілді. Сонымен қатар, зергер Дастан Хамзин, тігінші Әсел Шіменбаева және суретші Гаухар Асқарованың шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Шеберлік сағат соңында қолөнер шеберлеріне алғыс хаттар табысталды.
Музей залдарында «Аудан мәдениетінің тарихы», «Даланың дара тұлғалары» және ретро көрмелер таныстырылып, келушілерге тақырыптық экскурсиялар жүргізілді. Бұл экскурсиялар арқылы келушілер аудан тарихы мен ұлттық мұралар туралы мол мағлұматтар алды. Музей кешкі сағат 22:00-ге дейін келушілерге