18 сәуір – Бүкіләлемдік тарихи ескерткіштерді қорғау күні. Осы атаулы күнге орай Амангелді Иманов музейінде және музей аумағында орналасқан тарихи ескерткіштерге Амангелді орта мектебінің оқушыларына «Өлке тарихы - ел тарихы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар туған жердің тарихымен танысып, ел үшін еңбек еткен және ерлік көрсеткен тұлғалар туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар іс-шара қатысушыларына музей аумағындағы «Еңбектің ерен ерлері – ел есінде» Социалистік Еңбек ерлеріне арналған ескерткіш тақта маңына жиналып, құрмет көрсетіліп, 1976 жылы Ұлы Октябрь революциясының 30 жылдығы құрметіне Амангелді ауданынан шыққан 14 «Социалистік Еңбек Ері» атағын алғандығы жөнінде, 2015 жылы құрылып, тақтаға есімдері жазылған Алтынбаев Мырзағали, Әмзин Намазбай, Есполов Қошан, Есполов Досан, Жансапақов Қалмағанбет, Жұманов Шағыр, Қожабаев Бірәлі, Нұрғожин Мұқыш, Омаров Байбілдә, Сыздықов Әбу, Томашин Мұхамедия, Сәпиев Баяхмет, Шаяндин Бисапақ, Шайкенов Еркін, Тілеулин Тарғынбек сынды еңбек ерлері таныстырылды.Сонымен қатар, 2008 жылы салынған «Батырлар» композициясы 1837-1847 жж болған Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан батырлар: Жәуке батыр, Иман батыр, Қошқар батыр жайында тың деректер айтылды. Оқушыларға тарихи орындардың маңызы түсіндіріліп, оларды қорғау – әрбір азаматтың парызы екені айтылды. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, патриоттық рухын нығайтуға үлес қосады.Тарихи мұра – халықтың баға жетпес қазынасы. Оны сақтау, қорғау және келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.