Бүгін, 3 сәуір - 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, даңқты сардар Амангелді Үдербайұлы Имановтың туған күні. Батырдың есімін ұлықтау мақсатында оның жерленген орнындағы ескерткіші жанында мекеме басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ аудан жастарының қатысуымен тағзым ету рәсімі жасалды. Іс-шара барысында Амангелді ауданының әкімі Қ. Кеделбаев ауданымызға батыр есімінің берілу тарихы жөнінде деректермен бөлісіп, батырға еліміз бойынша лайықты құрмет көрсетіліп келе жатқанын атап өтті.Сонымен қатар, батырдың және қозғалысқа қатысушылардың рухына «Сатыбалды ишан» мешітінің найб имамы Д. Сәндібекұлы Құран бағыштады. Тағылымы мол шара барысында аудан әкімінің орынбасары С. Туленов батырдың өмірі мен ерлік жолына тоқталып, биыл Амангелді батыр бас сардар болған 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық қозғалысқа 110 жыл толып отырғанын атап өтті.









