Биыл Амангелді ауданының белгілі азаматы, журналист,ақын Әбдіхалықов Еренғайып Әбдіхалықұлының туғанына 85 жыл толып отыр. Ол 1941 жылдың 2 сәуірінде Қостанай облысы,Амангелді ауданында туған. Әкесі Әбдіхалық соғысқа аттанып,содан оралмаған.Ол анасы Бибісараның тәрбиесінде өскен.Жастайынан алғыр да талантты Еренғайып Әбдіхалықұлы Алматыдағы ҚазГу-дің филология факултеті журналистика бөліміне оқуға түсіп бітіреді.Содан соң өзінің туған жерінде аудандық «Тың шұғыласы» газетінде қатардағы корректордан бастап редактордың орынбасары,редактор болып аудандық газетте 30 жыл қызмет атқарады. Редактор болған кезінде Жадыра Құтжанова, Әлпия Орманшина , Бүркіт Бекетов секілді ақындарды тәрбиелеп,оларға көп тәлім-тәрбие берді. Ауданда айтыс өнерін дамытуға зор үлес қосты.Өзі талай рет аудандық,облыстық айтыстарға қатысып, жүлдері орындарды бірнеше рет иеленді.Сонымен қатар,аудандық халық театрының белді әртістерінің бірі болды.Бірнеше республикалық байқаулардың лауреаты атанды.Сахнада ол сомдаған Қоңқай және Мұңайтпас (Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері мен Ақтоты»және «Амангелді»драмалары)бейнелері көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.Белгілі қаламгер Еренғайып Әбдіхалықұлы 61 жасында қайтыс болды.Бір жылдан кейін балалары әкесінің «Ізгілер іздері» атты кітабын жарыққа шығарды.