Наурыз мейрамы аясында 18 наурыз Ұлттық киім күні болып атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу, олардың тарихи және мәдени маңызын жас ұрпаққа таныту.
Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың бай мұрасы. Камзол, шапан, сәукеле, тақия, кимешек сияқты киімдер ұлттық ерекшелігімізді айқындап, ата-бабамыздың талғамы мен шеберлігін көрсетеді.
Ұлттық киім күні әр адам қазақы нақыштағы киім киіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосады. Бұл – дәстүрімізді жаңғыртып, ұлт рухын көтеретін ерекше күн.









