10 наурыз Аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты
Әлпейісова Камал Әбілқасымқызының туған күні.Жерлесіміз 70 жасқа толып отыр. Сізге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр,отбасыңызға амандық тілейміз. Мерейлі жасыңыз құтты болсын!
Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы 1956 жылы 10 наурызда Қостанай облысы, Амангелді ауданының "Родник" кеңшарында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы. Елімізде ілеспе аударма жасауды меңгерген алғашқы аудармашылардың бірі, республикалық "Үздік аудармашы" конкурсының тұңғыш жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1973 жылы Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектепті бітірген. 1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. 1979 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде корректор. 1981 жылы" Қазақстан әйелдері"журналында әдеби қызметкер. 1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Әйелдер ісі, ана мен баланы қорғау комитетінде қызмет істеген. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының Редакциялық баспа бөлімінде консультант, ілеспе аударма секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен. "Құрмет" орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.Жақында жоғары мемлекеттік награда-"Парасат"орденімен марапатталды. Әлпейісова Камал Әбілқасымқызын жоғары мемлекеттік наградасымен құттықтаймыз.