10 ақпан Мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III - IV шақырылымдарының депутаты, Амангелді ауданының тумасы Баймағанбетова Бағила Бірмағанбетқызының туған күні!

Жерлесіміз 75 жасқа толып отыр.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас күш - қуат, отбасыңызға амандық тілейміз. Абыройыңыз асқақтап, сый - құрметіңіз арта берсін.

Бағила Бірмағанбетқызы - 1951 жылы 10 ақпанда Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келген. Өмір жолында Қазақстанның қоғамдық - саяси өміріне елеулі үлес қосып, ұзақ жылдар бойы білім беру саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде және Парламент қабырғасында абыройлы қызмет атқарды. Бағила Бірмағанбетқызы өңірімізде қазіргі «Мектепке жол» акциясын алғаш енгізген болатын.

  • 1972 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдап, француз тілі пәнінің мұғалімі мамандығын алады. Еңбек жолын Жітіғара орта мектебінде француз тілінің мұғалімі болып бастайды. Елгезек білімді жас маман өзінің іскерлігімен көзге түседі.Сол жылы Жітіғара қалалық комсомол комитенің хатшысы болып сайланады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, комсомол және партия органдарында жауапты қызметтер атқарды.
  • 1981 - 82 жылдары Қарасу ауданық атқару комитеті төрағасының орынбасары,
  • 1982 - 83 жылдары Қазақстан компартиясы Федоров аудандық партия комитетінің хатшысы,
  • 1988 - 91 жылдары Қостанай облысы партия комитетінің хатшысы,екінші хатшысы қызметтерін атқарды.
  • 1992 - 95 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімінің орынбасары болды.
  • 1995 - 98 жылдары Қостанай облыстық білім департаментін басқарды.1998 -
  • 2004 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратының жетекшісі болды.

2004 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Депутаттық қызметінде халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелерге қатысты заң жобаларын талқылауға белсенді қатысып, ел мүддесін қорғауға атсалысты. Еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен және «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағымен марапатталды.