Назарларыңызға Мұқағали Мақатаевтың жасанды интелект көмегімен жасалған "Үш бақытым"өлеңін ұсынамыз. Өлеңді оқыған 5 сынып оқушысы Ерсайын Әлихан.

Мақатаев Мұқағали (Мұхаммедқали) Сүлейменұлы 1931 жылы 9- ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Анасы Нағима қарапайым,еңбекқор кісі болған.Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың қиыншылығын ерте тартады. Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. Сол ауыр кезеңде анасы Нағима балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп өсіреді.
Қазақтың көрнекті ақыны, лирик, аудармашы Мұқағали Мақатаев қазақ поэзиясына шынайы сезім,терең философиялық ой,адам жанының нәзік сырларын алып келді.Оның өлеңдерінде туған жерге, анаға, махаббатқа, өмір мен уақытқа деген толғаныс басым. Ақын Пушкин, Лермонтов, Дантенің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
- 1948 жылы ҚазМУ-дың филология факултетіне түсіп, сол жылы оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы болады.
- 1949 жылы көктемде жары Лашынмен отау құрады.
- 1950 жылы Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды.
- 1954 жылы Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болады.
- 1957 жылыРеспубликалық радионың диктор қызметін атқарады.
- 1960-62 жылдары "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі.
- 1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді.
Ақын 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Ақиық ақын өз туған жерінде 1976 жылы 27 наурызда дүние салды.