15 қараша- Қазақстанның Ұлттық валютасы теңге күніне орай А. Иманов атындағы мемориалдық музейінде «Ұлттық теңге-Тәуелсіздік нышаны» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысқа Амангелді ауданы әкімдігінің қаржы және құрылыс бөлімдері қызметкерлерінен құралған "Қаржы білгірлері" Амангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің "Салық инспекторлары" командасы қатысты. Қатысушылар ұлттық валюта тарихы, қаржы терминдері, банк қызметтері жайлы сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушылар білімдерін арттырып, командалық рухтарын шыңдады. Осындай іс-шаралар ұлттық валютамыздың тарихын білуге және қаржылық сауаттылықты дамытуға зор үлес қосады.









