А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейінде 2025 жылғы 6–9 мамыр аралығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Майдан даласындағы естеліктер», "Жат жерде қалған жауынгерлер", "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы марапаттар түрлері", "Амангелділік жауынгер қыздар","Ерлік мәңгі өшпейді"атты көрмелер ұйымдастырылды. Көрме музейдің аудан тарихы залында өтті және келушілерге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттары, медальдары, соғыс жылдарындағы түпнұсқа газет, хаттар, мақалалары мен мерекелік фотосуреттер ұсынылды. 9 мамыр күні музейде ашық есік күні жарияланып, көптеген келушілер көрмені тамашалады. Көрме – Амангелді Иманов музейінің соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған маңызды мәдени шараларының бірі. Мұндай көрмелер арқылы тарихымызды жаңғыртып, батырларымыздың есімдерін есте сақтау – ұлттық мұрамызды сақтаудың бір жолы.