3 сәуір – Халық батыры, 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары Амангелді Үдербайұлының Имановтың туған күніне орай батыр есімін ұлықтау, жастар арасында әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мақсатында «Амангелді батырды кім деп білеміз?» тақырыбында Амангелді ауданының жастары арасында сауалнама ұйымдастырдық.