Бүгін, 15 наурыз – Қазақстанда қайырымдылық күні. Бұл мереке Наурызнаманың онкүндігіне жатады. Қайырымдылық жасау - адам бойындағы ізгі қасиет, туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім. Музей ұжымының ер азаматтарыда бұл күні қайырымдылық жасаудан шет қалмады. Жалғыз басты ана, аудандық аурухананың хирургия және терапия бөлімінде жұмыс жасаған зейнеткер Тұрсынова Мариям Алмасбайқызының үйіне арнайы барып, маңайын қардан тазалап, қол көмектерін тигізді.