Баршаңызды 14 наурыз – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – жер аяғы кеңіп, өткенді, өкпе-ренішті артқа тастап, жаңа жыл басында бар қазақтың арқа-жарқа боп, бір-бірімен көрісетін күні. Осындай жайма шуақ күнде музей қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Жетпісбайұлымен бірге Амангелді ауданының қоғамдық кеңес мүшесі, “Амангелді” қорының төрағасы Серікбаев Қыстаубай және зейнеткер, ұстаз Жұмағұлов Серік ақсақалдардың үйіне арнайы барып, ән шашуымызды арнап, дәм татып көрісу күніне орай мерекемен құттықтап, бата тілектерін алып қайттық.

Атап кетсем: “Амангелді” қоғамдық қорының төрағасы, Амангелді аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Қыстаубай Серікбаев және зейнеткер, ұстаз Жұмағұлов Серік ақсақалдарын барша Қазақстан халқын бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, назарларыңызға «Көрісу күні» әзірленген бейне-роликті ұсынамыз!!!