25 қазан – Республика күні аясында А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейінде оқушыларға патриотизм туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбында аудан мектептерінің арасында пікірсайыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға Республика күнінің шығу тарихы жөнінде бейне-ролик көрсетіліп, мереке жөнінде музей қызметкері Ж.Т.Досбергенов толықтырып кетті.

Оқушылар дебатта еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, Қазақстан тарихы, Амангелді ауданының болашақта дамуы жөнінде білімділіктерін көрсетіп, пікірсайысқа белсене қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.