Биыл, 2024 жылы ХVIII ғасырдағы Жоңғар басқыншылығында Қазақ жерінің тұтастығын, азаттығын сақтап қалуға 1729 жылы жазда мамыр-маусым айларында өткен ірі және шешуші шайқастардың бірі Аңырақай шайқасына – 295 жыл толды.
Осы Аңырақай шайқасында ел үшін қолға найза алып, жауға жапқан батырларымыздың ерлігін, шайқас тарихын насихаттау және азаттық үшін қарсы күресте танылған хандар мен батырларды таныстыру үшін.
17.10.2024 ж. «Музей және Мектеп» жобасы аясында «Аңырақай шайқасы – ұлы бірліктің жеңісі» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараға қатысқан Амангелді орта мектебінің 7 сынып оқушылары тарих оқулығындағы жоңғар шапқыншылығы тақырыбын туған өлке тарихымен байланыстыра отырып, сұрақтарын қойды. Музей қызметкерлері өз кезегінен Торғай жерінен Аңырақай шайқасына қатысқан батырлар жөнінде айтып кетті. Сонымен қатар, музей экспозициясындағы ХVIII ғасырдағы Аңырақай шайқасына қатысқан орта жүздегі қыпшақ тайпасынан шыққан Тілеулі батырдың қанжары, батырдың ұрпақтары таныстырылып, белгілі жазушы – журналист, Мақсұтбек Сүлейменнің көп томдық жинағы «Тілеулі батыр. Нияз би» кітабындағы Тілеулі Әбдірахманұлының өмір, ерлік жолдары туралы деректер айтылды.