10 тамыз - Қазақ халықының ұлы ақыны, жазушысы, композиторы, философ, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күні. Осы атаулы ел тарихының шежіресінде қалатын күнді атап өту бастамасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 2020 жылы Ел үкіметі ресми түрде енгізген болатын. Мақсаты: Қазақ халқына өшпес мәңгі мұра болып қалған Абайдың шығармаларын және өмір жолын насихаттау; Қазіргі кезде Абай Құнанбайұлының шығармаларына және өміріне жастардың қызығушылығы болғандықтан 10 тамыз "Абай күні" қарсаңында Амангелді аудандық кітапханасында А. Иманов атындағы музейі және Амангелді аудандық "Жастар ресурстық орталығы" қызметкерлері бірлесіп «Абай - дана, Абай - дара» атты дәріс өткізді. Тағылымды, әдеби шараға қатысушыларға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде бейнеролик көрсетіліп, ақын жайлы мағлұматтар берілді. Іс-шара жалғасы ретінде қатысушы аудан жастары Абай Құнанбайұлының жалынды өлеңдерін оқып, Абай атамыздың шығармаларынан дайындалған викториналық ойындарға қатысып, ақынның шығармашылығы жөнінде кітап көрмесіне шолу жасалды.