Бүгін А. Иманов музейінде «Жасыл ел» жасағы оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Әліби Тоқжанұлы Жангелдиннің туғанына 140 жыл толуына орай танымдық сағаты өткізілді.

Оқушыларға Әліби Жангелдиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде және қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы жиһанкез екені жайлы ақпарат берілді. Іс - шара барысында оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, қызықтыру мақсатында балаларды екі топқа бөліп суретті құрастыру ойыны ойнатылды. Өткен танымдық сағат соңында, кері байланыс орнату арқылы оқушылар өздерінің пікірі мен әсерін жеткізе білді.