Маусым айының 27 - сі күні Амангелді ауданы, Тасты ауылындағы 1916 жылғы Торғайдағы Ұлт - азаттық көтерілістің қол мергені Кейкі Көкембайұлының кесенесіне және есімі әлемге әйгілі тарихи тұлға, биылғы жылы ауданымызда бой көтерген Сұлтан Бейбарыс ескерткішіне "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.