Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері "ҚР Президентінің жарлығына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы ҚР Президентінің жарлығына және "ҚР кәсіби және басқа да мейрамдары туралы" 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлықтарына сәйкес, ҚР мемлекеттік рәміздер мейрамы 4 маусым күні тойланады. Осы атаулы күнге орай мектеп оқушыларын қәзіргі уақытқа текті рәміздер бойынша алған білімдерін саралау, пайда болу тарихын түсіндіру үшін "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз" атты зияткерлік сайыс 04.06 күні өткізілді.Іс - шара жалпы білім беретін Амангелді орта мектебіндегі жазғы лагерь кезіңдегі мектеп оқушыларына өткізілді. Сайыс 6 кезеңнен тұрып, «Алтын дән», «Көк аспан», «Қыран» атты үш команда жасақталды. Әр кезең бойынша Қазақ елінің рәміздері бойынша және Отан, Ерлік тақырыптарында мақалдар айтып сайысты.Одан кейін, ел рәміздерінің суреттерін салуда шығармашылық білімдері сыналды. Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен команда мықтылары анықталып, алғыс хаттармен сыйлықтармен мараппатталды.Іс-шара барысында ежелгі Түркі, Алтын Орда, Қазақ хандығы кезеңінен бастап, қәзіргі Тәуелсіз еліміздің рәміздерін насихаттау үшін «Рәміздерім елдігімнің белгісі» көрме шығарылып, іс-шараға қатысушыларға музейдің әдіскері Ж.Досбергенов таныстырды.