1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесі ел тарихының күнтізбелік беттерінде 2016 жылғы 14 - ші қаңтардан бастау алған болатын. Бұл мейрам өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейді және қиын - қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.
Мерекенің мән мағанасын ашу және тарихын түсіндіру үшін музей қызметкерлері 01.03 күні аудан мектептерінің оқушыларына «1 наурыз - Алғыс айту күні тарихы» тақырыбында дәріс оқыды. Шара кезінде, оқушыларға мерекенің тарихы айтылып, алғыс айту мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі екені баяндалды.