18-сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Атаулы күннің басты мақсаты - тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Амангелді ауданының аумағында көптеген тарихи-мәдени мұра нысандары бар. «Қазақстанның киелі жерлерінің картасына» Қостанай облысынан жалпыұлттық маңыздағы 10 нысан енгізілген. Аталған 10 нысанның 3-уі Амангелді өңіріне тиесілі: Торғай геоглифтері: (Үштоғай төрттағаны, Торғай трикветрі), Амангелді Имановтың жерленген жері және Кейкі батыр кесенесі. Ал Қостанай облысының өңірлік маңызы бар қасиетті нысандарының тізіміне Құтан әулие Аталықұлы кесенесі мен Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы кесенесі енгізілген. Бүгінгі бейне материалымызда аталған бес киелі нысанды назарларыңызға ұсынамыз.