Тарих беттерінде сансыз қара дақтар қалдырған ХХ ғасырдағы жұмбаққа толы соғыстардың бірі ауған соғысы. 15.02 күні Ауған жерінен Кеңес Одағы әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толды. Осыған орай «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындағы көрме және ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Ауған соғысында қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу және жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту. Көрмеге амангелділік ауған соғысының ардагерлерінің музей қорындағы жеке фото-суреттерімен құжаттары қойылды. Іс - шараға Амангелді, Жангелді аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің қызметкерлері және Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі қатысты. Көрмені музей қызметкері Ж.Досбергенов таныстырды.