1942 жылы Аманкелді селосында туған.1959 жылы орта мектепті, кейін №154-ші аудандық кəсіптік-техникалық училищені бітірген. Амангелді АТП-ның жүргізушісі болып жұмыс істеген. Үлкен жүк машинасына бір тіркеме, кейін екі, кейде үш тіркемеге дейін тіркеп, бір қатынағанда 100 тоннаға дейін жүк тасуға қол жеткізген. 1971 жылы “Еңбек Қызыл Ту “ орденімен марапатталады. Аудандық, обылыстық кеңестерге бірнеше мəрте депутат болып сайланған. Тапсырылған жұмысты абыройлы атқарған. Еңбектегі жетістігі үшін 1976 жылы СССР Жоғары Кеңесі Президиумның Жарлығымен Тарғынбек Тілеулинге «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.