Еңбек ері - Омаров Байділдəнің туғанына 120 жыл.
1902 жылы Үрпек ауылында дүниеге келген.1929 жылдан бастап Иманов атындағы колхозда қатардағы колхозшы, кейін есепші,қой фермасының меңгерушісі болып табысты қызмет жасаған.1951 жылдан СОКП мүшесі, 1947 жылы фермадағы 1302 құйрықты саулықтан 1745 қозы алып, шығынсыз өсірді. Отанымыз бұл ерлікті лайықты бағалады. СССР Жоғары Кеңесі Президиумның 1948 жылғы 23 шілдедегі Омаров Байділдəға «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.