Өресі биік, өріс кең өнер атаулының қай саласы болсын, халқымыздың көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбас ерекшелігімен көзге түседі. Өнер – халықтікі. Солардың бірі – талантты зергерлердің қиялынан туып, қолынан шыққан асыл бұйымдар. Қасиетті Торғай топырағында мұндай зергерлер аз болмаған, қазір де бар. Атадан балаға мирас болып келе жатқан киелі өнерді серік еткен зергерлердің ғажап туындылары Амангелді Иманов атындағы музейде де сақтаулы. Келушілер жалықпай тамашалайтын зергерлік бұйымдар коллекциясын Ұлыстың ұлы күнінің қарсаңында назарларыңызға ұсынамыз. Келе жатқан әз-Наурыз елімізге бақ пен береке, әр шаңыраққа қуаныш пен молшылық сыйласын!