Қуғын-сүргін құрбандары  - У.Хайруллин еңбегінде

 

       Зұлмат жылдары зардап шегіп, қуғын-сүргінді бастан кешкен, құрбан болған жерлестеріміз жайлы деректерді жинап жатырмыз. Ел тарихын зерделеуші У.Хайруллин ақсақал «Тағылымды шежіре» кітабында Амангелді ауданы аумағынан қуғынға ұшыраған 202 адамның (дұрысы 201 адам, Ысқақова Таскира 2 рет жазылған) аты-жөні мен деректерін жариялаған. Кітап бойынша өзімізше зерттеу жасап көрдік. Бұл тізімге сол кездегі Амантоғай ауданына қарасты елдімекендерден енбей қалған  азаматтар болуы мүмкін. Уәли ақсақал бұл тізімді 1992 жылы «Торғай таңы» газетіне жарияланған Торғай облыстық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тізімі мен облыстық архивтен алғанын жазады. Бұл тізімде 10 адамның тек фамилиялалары бар: М.Әбілбеков, Байжігітіов, А.Барлыбаев, Бөлтіріков, У.Жанпейісов, Жұқабетов, Б.Мұқанов, Ысқақова, У.Сейдахметов, О.Тойшыбаев. өзге ұлт өкілдерінен 2 адам: А.И.Алевский мен М.Н.Борисов. Аты –жөні белгілі  6 әйел кісі: Бике Әмірхамзакеліні, Беркімбаева Маржан, Қожырбаева Үміт, Нұртазина Күміс, Ысқақова Тәскира, Омарова Айша. Ұсталғандарды әлеуметтік жағынан зерделесек: Басқарушы органдар мен партия қызметкерлері, кеңес және серіктестік төрағалары – 44, сот, прокуратура, милиция өкілдері – 7, банк, салық, сауда және есеп қызметкерлері – 24, білім саласынан – 16, 2- редактор, 1- денсаулық сақтау бөлімінен екен. Колхозшы, жеке шаруа, үй  шаруасындағы және қарапайым еңбек адамы – 85 адам болса, қалған 22 адамның мәліметтері жазылмаған. Осы тізімде бар 27 азаматтың деректері табылып, түрлі сайттар мен дереккөздерден тапқан 110 адамның тізімінің арасында аудандық «Аманкелді арайы» газетінің 9.04.2021 ж № 9 санында жарияланды. У.Хайруллиннің жазбасындағы қалған 158 адамның тізімін жариялауды жөн көрдік.

 

  1. Аққозин Қапыш 1898 ж.т
  2. Ақшолақов Бірмағанбет 1890 ж.т
  3. Аманбаев Жәлел 1900 ж.т
  4. Ахметов Қабдуәли 1898 ж.т
  5. Әбиев Тәуірбек 1881 ж.т
  6. Әбшүкіров Мұхат 1892 ж.т
  7. Әбілдин Мираш 1910 ж.т.
  8. Әмірғазин Құрманқұл 1907 ж.т
  9. Әмірханов Ерғазы 1900 ж.т
  10. Байғонов Қанеш 1905 ж.т
  11. Байжанов Әлшағыр 1905 ж.т
  12. Байжин Кенжетай 1899 ж.т
  13. Баймағамбетов Шайқы 1902 ж.т
  14. Баймұратов Досжан 1873 ж.т
  15. Баймұратұлы Ахмет 1885 ж.т
  16. Баймұрзин Хасен 1905 ж.т
  17. Байтасов Ахан 1897 ж.т
  18. Байтеміров Досмағанбет 1905 ж.т
  19. Байтеміров Махмут 1908 ж.т
  20. Бақатов Балахмет 1910 ж.т
  21. Балықбайұлы Айса т.ж.б
  22. Барлыбаев Мырзағали 1902 ж.т
  23. Басаманов Әбдібек 1899 ж.т
  24. Басығарин Байкенже 1890 ж.т
  25. Баялин Омар 1884 ж.т
  26. Бәлтенов Ақзам 1910 ж.т
  27. Бекболатов Хұсайын 1865 ж.т
  28. Бекболатов Бекет 1901 ж.т
  29. Бекмұрзин Жұмағұл 1910 ж.т
  30. Бердіғожин Шағыр 1888 ж.т
  31. Биарыстанов Оразғали 1896 ж.т
  32. Досжанов Әмірхамза 1876 ж.т
  33. Досмағанбетов Сақан 1902 ж.т
  34. Достанов Садық 1900 ж.т
  35. Елемесов Алпысбай 1906 ж.т
  36. Ембергенов Әзи 1900 ж.т
  37. Ерғалиев Жармағанбет 1901 ж.т
  38. Ержанов Атамбай т.ж.б
  39. Ермағанбетов Мықан 1901 ж.т
  40. Есболов Досан 1905 ж.т
  41. Есжанов Досымбек 1903 ж.т
  42. Есжанов Смағұл 1902 ж.т
  43. Есмағанбетов Серікбай 1900 ж.т
  44. Есмағанбетов 1901 ж.т
  45. Жайсымбетов Әубәкір 1903 ж.т
  46. Жанбосынов Хамза 1906 ж.т
  47. Жұбатаев Қабыкен 1892 ж.т
  48. Жұмағалиев Жармағанбет 1902 ж.т
  49. Жұмашев Төленді 1875 ж.т
  50. Жұрмағамбетов Шағыр 1890 ж.т
  51. Жүркин Әмірғали 1898 ж.т
  52. Жүсіпбаев Торыбай 1900 ж.т
  53. Жүсіпбеков Тұрғали 1907 ж.т
  54. Жүсіпов Нағашыбай 1888 ж.т
  55. Ибраев Байғазы 1902 ж.т
  56. Исабаев Қияқ 1896 ж.т
  57. Исин Зәкір Омарұлы 1905 ж.т
  58. Кәрібаев Бекмағамбет 1876 ж.т
  59. Кеделбаев Мырзағали 1892 ж.т
  60. Кеңбаев Файзолла 1898 ж.т
  61. Керменбаев Ғабдолла 1897 ж.т
  62. Көшенов Ақбұзау 1906 ж.т
  63. Қазыбаев Бәкір 1896 ж.т
  64. Қазыбаев Мұстахап 1907 ж.т
  65. Қарабаев Асқар 1894 ж.т
  66. Қаратеміров Әбдіхалық 1877 ж.т
  67. Қисықбасов Нұрғали 1906 ж.т
  68. Қоғабаев Жамал 1905 ж.т
  69. Қожабергенов Жақан т.ж.б
  70. Қожагелдин Өтеген 1906 ж.т
  71. Қожахметов Уәли 1892 ж.т
  72. Қожахметов Ыбырайым 1898 ж.т
  73. Қожықов Құлын 1904 ж.т
  74. Қойғарин Қожахмет 1892 ж.т
  75. Қойғарин Зейнолла 1888 ж.т
  76. Қомпышев Жұлқар 1890 ж.т
  77. Қондыбаев Төлеген 1898 ж.т
  78. Қоңырбаев Дүйсенбі 1900 ж.т
  79. Қоңыршин Асқар 1899 ж.т
  80. Қошқарбаев Бимағанбет 1910 ж.т
  81. Қуанышбаев Ордабай 1905 ж.т
  82. Құсайынов Опа 1911 ж.т
  83. Қызыров Сыздық 1891 ж.т
  84. Қыстаубаев Әбдіғалым т.ж.б
  85. Малаев Нұғыман 1872 ж.т
  86. Малдыбаев Байша 1894 ж.т
  87. Манасбаев Қайрош 1904 ж.т
  88. Маралбаев Қожахмет 1903 ж.т
  89. Махатов Тұрған 1879 ж.т
  90. Медеубайұлы Шағыр т.ж.б
  91. Мирамов Ахмедия 1903 ж.т
  92. Молдахметов Қасым 1897 ж.т
  93. Молдахметов Кәйлан 1915 ж.т
  94. Молұзақов Тайгелді 1906 ж.т
  95. Мұқанов Уахит 1904 ж.т
  96. Мұханбетжанов Жолдас т.ж.б
  97. Мыңғожин Бимағанбет 1879 ж.т
  98. Наурызов Омар 1888 ж.т
  99. Нұрғожин Қанғожа 1878 ж.т

100.Нұржанов Садуақас 1888 ж.т

      101.Нұржанов Іскендір т.ж.б

      102.Нұрпейісов Кәкім 1908 ж.т

      103.Нұртазин Рахан 1900 ж.т

      104.Нұртазин Ғалихан 1893 ж.т

      105.Нұртазин Әбайдолла 1875 ж.т

      106.Райымбеков Ғаппас 1892 ж.т

       107.Райысов Рахым 1912 ж.т

       108.Олжабаев Естай т.ж.б

       109.Омаров Ғабдолла 1910 ж.т

  • Оразбаев Жанділдә 1890 ж.т
  • Омаров Сейіл т.ж.б
  • Омаров Спандияр 1870 ж.т
  • Оразалин Досмағанбет 1898 ж.т
  • Оразбаев Шыңдай 1908 ж.т
  • Оспанов Оқас 1905 ж.т
  • Оспанов Жетпісбай 1890 ж.т
  • Отарбаев Теміржан 1912 ж.т
  • Өмірбеков Ахмет 1876 ж.т
  • Өміртаев Фазыл 1886 ж.т
  • Өтебаев Дүйсенғали 1908 ж.т
  • Өтелбаев Айтжан 1903 ж.т
  • Өтетілеуов Айтжан 1902 ж.т
  • Садуақасов Тауықбай 1897 ж.т
  • Сақтағанов Байділдә 1894 ж.т
  • Салғарин Салман 1904 ж.т
  • Сатыбалдин Арғынбай 1907 ж.т
  • Сатыбалдин Жамал 1881 ж.т
  • Сәуірбаев Биян 1871 ж.т
  • Сейтмағанбетов Әуезхан 1906 ж.т
  • Смайлов Мырсалық 1904 ж.т
  • Смин Жалғасбай 1889 ж.т
  • Сүгірәлин Оспан 1895 ж.т
  • Тайшығарин Серікбай 1902 ж.т
  • Талтақаев Бердіғұл 1907 ж.т
  • Ташпанов Ыбырай 1907 ж.т
  • Темірбаев Әбен 1900 ж.т
  • Тоқболатов Қабақ 1896 ж.т
  • Тоқсанов Мағзум Нұрханұлы 1896 ж.т
  • Тоқтабаев Қайырбек 1892 ж.т
  • Тоқтамысов Сәлімгерей 1914 ж.т
  • Томатаев Әубәкір 1905 ж.т
  • Тоңашин Кәрім 1900 ж.т
  • Төлепов Балтабай 1907 ж.т
  • Тұрмағанбетов Ерғали 1905 ж.т
  • Түктібаев Тұрған 1905 ж.т
  • Түртіғұлов Садық 1900 ж.т
  • Тышыбаев Өтеғұл 1896 ж.т
  • Үрістембайұлы Қабылда т.ж.б
  • Шамаев Жанқылыш 1898 ж.т
  • Шакин Сейдағали 1902 ж.т
  • Шалаев Исамат 1895 ж.т
  • Шалғымбаев Байділда 1901 ж.т
  • Шаматов Дүйсенғали 1902 ж.т
  • Шапихов Қапен 1889 ж.т
  • Шәмшіұлы Ақыбай т.ж.б
  • Шуақбаев Қожахмет 1900 ж.т
  • Ызмайылов Қайрош 1895 ж.т
  • Ырыстин Айтмағанбет 1900 ж.т

 

 

Ескерту: Туған-туысқандары жайлы деректер іздеп мұражайға хабарласушылар көп. Бірақ мұражай – мұрағат емес. Біз барлық мүмкіндігімізді пайдаланып жатырмыз. Сіздерден алған әрбір мәлімет – біз үшін құнды. Сол сияқты сайт, БАҚ арқылы алынған мәліметтердегі , адамның аты-жөніндегі, туған жылы, туған жері т.б. қателіктер үшін мұражай қызметкерлері жауапты емес.

 

 

С.Туленов,

 А.Иманов мұражайы басшысы