''Амангелдім,
Сен дегенде жан бөлек
Жүрек бөлек.Тұла бойда қан бөлек.
Жан құлазып,
жабыққан бір кезімде,
Қайта тұрам қолтығымнан сен демеп.
Айлап-жылдап салмасам да ат ізін
Айтпа маған келме деп '' – , жырлайтын,
туған елін шексіз сүйетін, ''Торғайдың Мұқағалиы'' деп ел құрметтейтін ақын Әбжан Әбілтайдың туған күні.
''Таулар, рас, тәңірім,
Тұрған шығар көк тіреп.
Ұлы дала бәрібір
Тауларыңнан тектірек '' – дейтін өр ақынның, ер ақынның мерейлі 70 жасы құтты болсын! Әбжан ағамыздың отбасына амандық, деніне саулық тілей отырып, әрқашан оқырмандарыңызды шабытты жыр, рухты өлендеріңізбен қуанта беріңіз дегіміз келеді.