А.Иманов атындағы музейінде ұлы ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Даланың дара ұстазы – Ы.Алтынсарин» атты көрме шығарылды. Көрмеде ағартушының өмірі мен шығармашылығы, ашқан мектептері және шәкірттері жөнінде фото суреттер қойылды. Көрме карантиндік талаптарды сақтай отырып, бір ай бойы музейге келушілердің назарына ұсынылып отыр
Қазақ тарихында көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енген Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Арқарағай болысында (бұрынғы Затабол ауданы), ауқатты отбасында дүниеге келген. Ыбырайдың өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен. Сол кездің Балқожа би қазақтың халық ауыз әдебиетіне жетік, өлең шығарған, тілі шебер шешені болған. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім болды. Ресей қоғамының білімді адамдарымен танысып, жақын араласты. Білімге құштар жас бос уақытын шығыстанушы ғалым В.В Григорьевтің бай кітапханасында өткізді. Туған халқына қалай пайдамды тигізсем зор ынтамен шабыттанған Ы. Алтынсрин білімді адамның ардақты борышы – балаларға білім беру деп деп санаған. Торғайдан, Қостанайдан қазақ балаларына арнап мектеп ашты. Ұстаздың оқу әдістемелік құрал ретінде шыққан кітаптары, балалардың оқуға деген ынтасын көтеретін өлең жолдары қазақ даласына кең тарады. Ағартушы ұстаз 1889 жылы 47 жасына қараған шағында ел аузында данышпан дара тұлға ретінде дүниеден озды.