Биыл өлең сөздің дүлдүлі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Жамбыл – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының Екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде, 1846 жылы ақпанның боранды күнінде, Жапа деген елге қадірлі отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Жамбылдың үздік шығармалары 40-тан астам шет тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқы, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті. Ерлікті,елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркемде қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз қазақ тарихында көрнекті орын алары анық. Қазақ әдебиетіне танымал жазушысы М.Әуезов айтқандай «Жамбыл – ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнелі аса зор тұлға». Назарларыңызға «Жамбыл – ғасыр адамы» атты бейне дәрісімізді ұсынамыз. Мәтінді оқыған музей әдіскері Сейдағалиева Д.