«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» атты онлайн республикалық байқау қатысушылар туралы
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» атты онлайн республикалық эссе ұйымдастырылып жатыр. Эссе байқауының педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастырып, оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Байқау республика көлеміндегі колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттері арасында өтеді.
Атаулы шараға Амангелді ауданының А.Иманов атындағы мемориалдық музей жанынан құрылған «Руханият» үйірмесінің жетекшісі, музей басшысы Төленов Сахан Оңжанұлы мен оқушылары – Кенжеғалиева Төлеу, Әбілғазы Айша, Сейдағалиев Нұртөре қатысуда. Үш оқушымыз да ер жетіп келе жатқан үздік те, талантты жастарымыз.
Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде қатысушылар көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап эссе жазылу керек. Үйірме оқушылары «Ұлым дейтін ел болмаса…» атты бағытта эссе жұмыстарын ережеге сай жазып, жіберді. Келесі кезең бойынша оқушылар өздері жазған эссе бойынша сұрақтарға жауап беруге дайындық үстінде. Екінші кезең уақытын қосымша хабарланатыны айтылды. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады, барлық қатысушыларға диплом беріледі сонымен қатар үздік эсселер кітап жинаққа шығарылады. Мұғалімдерге де оқушылар дайындағаны үшін дәрежелі диплом мен Алғыс хат беріледі. Бүгінгі «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» атты республикалық байқауға қатысып жатқан оқушыларымызға жұмыстары үздік эсселер кітап жинағына шығарылып, сәттілігі серік болсын деп тілейміз!