Биыл Мемлекеттік рәміздерге 28 жыл толып отыр. Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын», «Қазақстан Республикасының елтаңбасын» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын» қабылдаған болатын. Осы атаулы күн қарсанында «А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы» КММ-сі «Рәміздерім - елдігімінің белгісі» тақырыбындағы онлайн көрмені назарларыңызға ұсынады.
Көрмеге ұлан-ғайыр қазақ елінің даласында үстемдік құрып, бірнеше мәрте алып империя құрған ғұндардың, Көне түркі тайпаларының мемлекеттік нышандарының суреттері қойылған болатын. Атап кететін болсақ, 1399 жылы италян картографы Angelino Dulsert құрастырған картасында бейнеленген Алтын Орда туы, қазақ халықының ер жүрек батыры Қанжығалы Қабанбайдың туы,Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері сипатаммасымен бірге суреттері қойылды. Сонымен қатар, тәуелсіз мемлекетіміздің егемендігімен біртұтастықтығын білдіретін басты рәміздеріне негіз болып, ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып, сақталып келген қазақ халықының ру, тайпаларының таңбалары туралы мәліметтер орналастырылды.