Музей (грек. museim) - музаға арналған орын, муза ғибадатханасы деген сөздің мағынасын білдіреді. «Музалар» - деп гректерде өнер туындыларын айтады. Музей тарихи - ғылыми деректерді, көне заман ескерткіштерін, олардың үлгі нұсқаларын, өнер туындыларын, мәдени құндылықтары т. б. мұраларды зерттеп жинақтаушы, сақтаушы, әрі бұл мұраларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізе отырып, солардың негізінде жастарға жалпы қоғам мүшелеріне тәлім - тәрбие, беретін ғылыми, мәдени және рухани мекеме.
Таным дүниесіне зейін қойып қарасақ музей өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады. Өйткені музей экспонаттары тарих негізі. Ол сонау ата - бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын айғақтайды. Бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасында музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Олай болса, музейді тарихи куәгер ретінде қараумыз керек. Сондықтан да, дана халқымыз «Елу жылда-ел жаңа, жүз жылда-қазан» дегендей, жарты ғасырлық тарихы бар батыр атындағы музейде айтулы мерекеге орай мәдениет саласының ардагері Ибраева Ұлмекен Рақымжанқызымен онлайн-сұхбат ұйымдастырған болатынбыз. Кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойларына дарытқан, бағыт-бағдар берген ардагер ұстазымыз қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, сұхбатымыз жоғары деңгейде өтті деген бағасын беріп, ризалығын білдірді. Сұхбат соңында Ұлмекен Рақымжанқызына музейдің 50 жылдығына арналып шыққан жинақ кітапты ескерткіш ретінде сыйға тартылды.