2019 жылдың 15 қарашасы күні А.Иманов мемориалдық музейінде «Музейлер шеруі» Республикалық акциясы аясында және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру үшін «Амангелді ауданынан табылған археологиялық ескерткіштер» атты музей түні өтті.
Іс-шарада музей қорынан алынған Амангелді ауданынан табылған археологиялық деректер туралы музей қызметкерлері, ұстаздар, оқушылар ғылыми жұмыстарын таныстырып, «Археология - тарих айнасы» атты көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Музей басшысы Сахан Оңжанұлы іс-шара барысында қонақтарға алғысын білдіріп, ғылыми жұмыстарын таныстыруда белсене қатысқаны үшін ұстаздар мен оқушыларға алғыс хат табыс етті.