13.06.-03.07.2016 ж. аралығында Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай мұражай қызметкерлері ҮЕҰ –мен бірлесіп экспедициялық тур бойынша Үрпек –Қараторғай –Торғай  бағыттары бойынша жоспар жасады. 

Экспедиция құрамында аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері, тарихшы мұғалімдер, аудан жастары бар. Экспедицияның мақсаты жұртшылыққа туған жер тарихын баяндай отырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс өткен  тарихи жерлерді таныстыру, батыр бабалар рухына тағзым ету, жастардың бойында туған жерге, елге, төл тарихымызға деген құрмет қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу; Экспедиция мүшелері «Доғал-Үрпек» шайқасы,  Кейкі батыр денесі жерленген «Жалаулы» жері , Қараторғай өзені жағалауындағы  Кейкі батыр паналаған үңгір,   «Құмкешу», «Татыр» шайқасы  өткен жерлерде болады.

 

1916 жыл